03.11.2023 | 20:01

Таразда бозкілем бәсекесі басталды

Бүгін Тараз қаласында мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған еркін күрестен дәстүрлі халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Үш күнге созылатын бозкілем бәсекесінде биыл 10 елден келген 200 ден аса айтулы балуан бақ сынайды. Атап айтар болсақ, АҚШ, Эквадор, ҚХР, Словакия, Моңғолия, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің спортшылар мен еліміздің белді палуандары осы қатарда.

Жиналған жанкүйерлердің назары 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы, 6 дүркін әлем чемпионы Джордан Барроуздың белдесуіне ауып отыр. Америкалық алғашқы айналымда жастар арасында Азия чемпионы атанған Ерхан Бексұлтановпен белдесіп жеңіске жетті.

Турнир үш күнге созылады. Бұл халықаралық күрес федерациясы (UWW) күнтізбесіне енген қазақ жеріндегі жалғыз және бірегей ірі турнир.

Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан бұл турнирдің құрметті қонағы ретінде келді. Айта кетейік, Ризабек былтыр осы турнирде үздіктер қатарынан табылып, көзге түскен.

Турнир 5 қарашада мәресіне жетеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес