26.07.2026 | 14:57
Бөлісу:
ТАРИХИ МЕДАЛЬ! АРТЁМ МАТУСЕВИЧ U23 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Германияның Дуйсбург қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Артём жеңіл салмақтағы ерлер арасындағы жекелей сынның финалында мәреге 3-ші болып жетіп, қола медаль иеленді.
Бұл бағдарлама жүлдегерлері:
1. Жоао Велосо (Португалия)
2. Ангелос Афанасиадис Каудис (Грекия)
3. Артём Матусевич (Қазақстан)

Айта кетейік, Қазақстан үшін бұл академиялық ескек есуден тарихи жүлде саналады. Осыған дейін біздің ескек есу шеберлері бұл жас санатындағы дүние жүзі додасында жүлде алмаған.
Еске сала кетейік, Матусевич іріктеу кезеңі мен жартылай финалда да 2-орын алып, финалға шыққан. Ол былтыр Шанхайда өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында ТОП-10 қатарынан көрінген атлет (9-орын).
Айта кетейік, чемпионатқа Қазақстан командасы сапында 5 спортшы аттанды. Барлығы Дуйсбург қаласындағы жарысқа 49 мемлекеттен 600-ден астам ескек есу шебері қатысты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық