24.09.2026 | 06:36

ТАРИХИ МЕДАЛЬ! ҚАЗАҚСТАН АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСКЕК ЕСУДЕН ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА АЛҒАШҚЫ АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Жапонияның Аичи префектурасындағы Нагарагава халықаралық регата трассасында академиялық ескек есуден Қазақстан командасының қоржынына тарихи медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ерлер арасындағы жұптық екілік сайыста Владислав Яковлев пен Иван Чернухин жұбы чемпион атанды. Айта кетейік, бұл спорттың бұл түрінен жалпы Азия ойындары тарихындағы Қазақстанның алғашқы алтыны.

Фото: Нұрғали Жұмағазы.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес