09.07.2022 | invalid

Теннис: Елена Рыбакина Уимблдон бәсекесінің чемпионы атанды

Санаулы сәттер бұрын қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде топ жарды. Ұлттық құраманың көшбасшысы финалда әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жаберден айласын асырды. Есеп: 3:6, 6:2, 6:2.

Осылайша, қазақстандық теннисші алғаш рет жекелей сынға Үлкен Дулыға бәсекесінде жеңіске жетіп отыр. Жалпы бұл Елена мен Онс үшін Үлкен дулыға жарысындағы алғашқы финал.

Осыған дейін екеуі кортта үш рет кездескен. Соның екеуінде Онс Жабер жеңіске жетсе, отандасымыз бір рет басым түскен.

Еленаның финалға дейінгі жолы:

1/64 Коко Вандевей (АҚШ) - 7:6, 7:5

1/32 Бьянка Андрееску (Канада) - 6:4, 7:6

1/16 Чжень Цинвэнь (Қытай) - 7:6, 7:5

1/8 Петра Мартич (Хорватия) - 7:5, 6:3

1/4 Айла Томлянович (Аустралия) - 4:6, 6:2, 6:3

1/2 Симона Халеп (Румыния) - 6:3, 6:3.

Елена Рыбакина Уимблдон бәсекесі басталар тұста WTA рейтингінде 23-сатыда тұрған. Қазақстандық теннисші бәсекедегі жеңісі үшін 2 млн. доллардан астам сыйақы алады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес