15.04.2023 | 15:20

Теннистен Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг Кубогының ақтық кезеңіне жолдама алды

Бүгін Астана қаласындағы Қазақстан мен Польша құрамасы арасындағы 3-ойында Елена Рыбакина Магда Линетті сенімді ұтты. Кездесу 1 сағат 24 минутқа созылып, 6-4, 6-2 есебімен отандасымыздың пайдасына аяқталды. Қазір Елена WTA рейтингінде 7-ші, қарсыласы 19-орында тұр. Матчтың статистикасы:

 

Рыбакина

Линетт

Эйстер

 3

 3

Доп беру кезіндегі қосарлы қателер

 0

 2

Брейктер

 4

 1

Жеңіп алған ұпайлар саны

 70

 48

 

Айта кетейік, кеше алғашқы ойында Юлия Путинцева Магда Линетті, ал Елена Рыбакина Вероника Фальковскаға еш мүмкіндік бермей, жанкүйерлерді қуантқан. Екі құрама арасындағы есеп: 3-0. Астанаға Польша құрамасының көшбасшысы, әлемнің 1-ракеткасы Ига Швёнтек келе алмады. Ига биыл Дохадағы турнир кезінде алған жарақатын Индиан-Уэллсте асқындырып алуына байланысты бірқатар ірі бәсекеге қатыса алмайтынын жеткізді.

Бір-бірімен кездесетін қалған құрамалар мынадай: Испания-Мексика, Украина-Чехия, Ұлыбритания-Франция, Канада-Бельгия, АҚШ-Аустрия, Словакия-Италия, Германия-Бразилия, Словения-Румыния.

Қазір ақтық кезеңде былтырғы жеңімпаз Швейцария мен финалист Аустралия қарсыласын күтіп тұр. Ал жеңілген құрамалар биыл қарашада плей-офф сатысында бақ сынайды. Былтыр Қазақстан құрамасы командалық әлем чемпионаты аталып кеткен бәсекенің финалдық кезеңінде өнер көрсетіп, С тобында Испания және Ұлыбритания құрамасымен болған.

©Суреттер Қазақстан теннис федерациясынан алынды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес