14.07.2023 | 19:44

Теннистен VI жазғы Спартакиадада Алматы қаласы топ жарды

Бүгін Астана қаласында теннистен ҚР VI жазғы Спартакиадасы аяқталды. Бір аптаға созылған бәсекеге Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарынан 45 спортшы қатысты. Оның ішінде ерлер - 23, әйелдер - 22.

Жалпыкомандалық есепте Алматы қаласының спортшылары жеңіске жетсе, екінші орын Астана қаласының командасына бұйырды. Үшінші орынға Қарағанды облысы ие болды.

Спартакиада нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз:

Жекелей сында:

1. Тимур Мәуленов (Қызылорда обл)

2. Ерасыл Ерділдә (Қызылорда обл)

3. Григорий Ломакин (Қарағанды обл)

Әйелдер

1. Полина Слепцова (Алматы қаласы)

2. Гозаль Айнитдинова (Түркістан обл)

3. Асылжан Арыстанбекова (Алматы қаласы)

Жұптық сын:

1. Григорий Ломакин, Виталий Зацепин (Қарағанды обл)

2. Даниил Фелькер, Никита Сидиров (Алматы қ.)

3. Ерасыл Ерділдә, Тимур Мәуленов (Қызылорда обл)

Әйелдер

1. Асылжан Арыстанбекова, Полина Слепцова (Алматы қ.)

2. Аружан Сағындықова, Ульяна Романова (Астана қ.)

3. Амира Қазтуған, Зинира Жунусова (Ақтөбе облысы).

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес