07.08.2023 | 09:53

ТМД елдерінің II ойындары: қоржынға тағы 3 медаль түсті

Бүгін ТМД елдерінің II ойындарында жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшылары 3 қола медальге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Атап айтақанда, Ангелина Шрубянец 60 метр қашықтыққа жүгіруден үздік үштіктен көрінді. Оның уақыт көрсеткіші 8,04 секунд. Сонымен қатар, Дмитрий Спаскийде 2000 метр қашықттықта мәре сызығын үшінші болып кесті (6.01,87 секунд). Қазақстан қоржынына 3-ші медальді ұзындыққа секіруден Алиса Исаева (5 метр, 32 см) сыйлады.

Жалпы жеңіл атлетикадан жарыстар 8 тамызға дейін жалғасады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес