02.12.2022 | invalid
Бөлісу:
Тоғызқұмалақ пен дойбыдан республикалық фестиваль 5 өңірдің ойыншыларын жинады
Бүгін Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде тоғызғұмалақ пен 64 жəне 100 шаршыдағы дойбыдан республикалық фестиваль өтті. Тəуелсіздік күніне орай ұйыстастырған сайысқа Астана қаласымен қатар Жетісу, Қарағанды, Түркістан, Ақмола облысының əртүрлі жастағы 70-тен астам əуесқой спортшысы келді. Тоғызқұмалақтан жеңімпаздар мен жүлдегерлер мынандай:
Ерлер:
І орын – Әлішер Танхаев
ІІ орын – Ерсұлтан Әуелбай
ІІІ орын – Әзілхан Махмұджан
ІІІ орын – Арыстан Манарбекұлы
Әйелдер:
І орын – Ханшайым Абиева
ІІ орын – Аяна Рахметилла
ІІІ орын – Ақжібек Манарбекқызы
ІІІ орын – Жансая Мұрат
Дойбы 64-тен жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Ерлер:
І орын – Қалкен Әбішев
ІІ орын – Бахытбек Жухин
ІІІ орын – Нұрасыл Қаныбек
Әйелдер:
І орын – Сәуле Бақыткерей
ІІ орын – Айым Сапар
ІІІ орын – Айзере Іздаш
Дойбы 100-ден жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Ерлер:
І орын – Айбек Наралиев
ІІ орын – Айболат Базарбек
ІІІ орын – Сержан Исаев
Әйелдер:
І орын – Аяулым Алтынхан
ІІ орын – Алима Қасым
ІІІ орын –Алина Сайлау
«Бүгінгі фестивальдің мақсаты – интеллектуалды ойындарды насихаттау. Ақыл-ойды дамытатын спорт түрлеріне қазақ халқы ежелден ерекше ден қойғанын білеміз. Жыл сайынғы статистикаға сүйенсек, орта мектепті үздік тəмамдайтын Алтыны белгі иегерлері арасында дəл осы тоғызқұмалақ, дойбы сынды спортпен шұғылданатындар көп. Қалғандары да тестілеу кезінде көп балл жинап жатады. Айта берсек осындай пайдасы бар. Осындай іс-шаралар қарапайым əуесқой ойыншылардың шыңдалуына жол ашады. Олардың арасынан да мықты спортшы шығуы əбден мүмкін», дейді дойбыдан Мемлекеттік жаттықтырушы Дастан Қапаев.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТоғызқұмалақ пен дойбыдан республикалық фестивальдің үздіктері анықталды
Дойбының блиц түрінен жеңімпаздар белгілі болды
Дойбыдан ел чемпиондары анықталды