
10.05.2025 | 18:10
Бөлісу:
ЦЗЯНШАНЬ ҚАЛАСЫНДА АУЫР АТЛЕТИКАДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Қытайдың Цзяншань қаласында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасынан бірінші болып жарыс жолына 67 келіге дейінгі салмақта Сергей Чуев шықты. Бірақ отандасымыз жеңіс тұғырына көтеріле алмады.
Ерлер, А тобы 67 кг:
Минх Тран – 318 кг (146+172) Вьетнам
Цинхао Женг – 317 кг (147+170) Қытай
Мунсу Бае – 306 кг (132+174) Оңтүстік Корея
8. Сергей Чуев – 286 кг (129+157)
Бұл салмақта В тобында сынға түскен Виктор Надворный 12-орынға тұрақтады. Азия чемпионатында ел намымысын 14 спортшы қорғап жатыр.
Ерлер:
67 келі – Виктор Надворный, Сергей Чуев
73 келі – Петр Хребтов
81 келі – Әлібек Рахымберді
89 келі – Асылжан Бектай, Егор Шерер
96 келі – Сергей Петрович, Кирилл Староверкин
102 келі – Артем Антропов
Әйелдер:
71 келі – Арай Нұрлыбекова
76 келі – Аянат Жұмағали
81 келі – Виктория Новикова
89 келі – Ақерке Байманап
+87 келі – Любовь Ковальчук
Азия чемпионаты 15 мамырда аяқталады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

АРТЁМ АНТРОПОВ – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
