31.03.2026 | 08:29

TÜRKIYE OPEN: ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫСТЫ ҚАЗАҚ ТАЕКВОНДОШЫЛАРЫ 5 МЕДАЛЬМЕН БАСТАДЫ

Түркияның Анталья қаласында таеквондодан Türkiye Open халықаралық турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ересектер арасындағы жарыс күні әйелдер бастады. Қазақстан командасы сапынан 10 спортшы бақ сынап, оның бесеуі турнир жүлдегері қатарына кірді:

Күміс – Айдана Құмартаева (-46 кг) күміс;

Қола – Нодира Ахмедова (49 кг) қола;

Қола – Мария Севостьянова (-53 кг) қола;

Қола – Айдана Сүндетбай (-57 кг) қола;

Қола – Назым Махмутова (+73 кг) қола;

Турнирдің қорытынды күнінде ерлер арасындағы жекпе-жектер өтеді. Қазақстан атынан 12 спортшы сынға түседі. Айта кетейік, Түркиядағы халықаралық додаға барлығы 30 елден 585 атлет қатысып жатыр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес