08.04.2024 | 16:58

Түркістан облысының каратэшілері Қазақстан чемпионатында топ жарды

Ақтау қаласында WKF каратэден ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

14 аймақтан 150-ден астам қатысушы жиналған біріншілікте жалпы командалық есепте Түркістан облысы құрамасы (4 алтын, 1 күміс, 2 қола) көш бастады. Екінші орынға Батыс Қазақстан облысы (3 алтын, 2 күміс, 4 қола) жайғасса, үздік үштікті Шымкент қаласы (3 алтын, 2 күміс, 3 қола) түйіндеді.

«Бүгін Ақтау қаласында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бұл біз үшін маңызды жарыстардың бірі. Себебі жаңа құрама іріктеледі. Жасақталған команда Азия ойындарында, әлем чемпионатында және басқа да бәсекелерде бақтарын сынайтын болады. Әріптестеріміз бен ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Бәрі жоғары деңгейде болды. Біздің спортшылар барлық күш-жігерімізді ақтады. Осының барлығы адал еңбек пен таза жеңістің арқасында!», - деді WKF каратэден мемлекеттік жаттықтырушысы Майя Баймағанбетова.

Ел чемпионы атағы мен жүлдесін алған спортшылар тізімі:

Ката, жекелей сын (әйелдер):

Алтын – Натали Касикова (Батыс Қазақстан обл)

Күміс – Владлена Сигалова (Алматы қаласы)

Қола – Сабрина Имамадиева (Шымкент қ.)

Қола – София Ключник (Маңғыстау обл)

Ката жекелей сын (ерлер:

Алтын – Мәди Катешов (Түркістан облысы)

Күміс – Ислам Хидриев (Жамбыл облысы)

Қола – Ердос Кенжалиев (Батыс Қазақстан облысы)

Қола – Илез Хидриев (Жамбыл облысы)

Командалық ката (әйелдер):

Алтын – Батыс Қазақстан облысы

Күміс – Астана қ.

Қола – Жамбыл облысы

Қола – Қарағанды облысы

Командалық ката (ерлер):

Алтын – БҚО

Күміс – Жамбыл обл

Қола – Атырау обл

Қола – Түркістан обл

Командалық кумитэ (әйелдер):

Алтын – Түркістан обл

Күміс – Шымкент қ.

Қола – Алматы қ.

Қола – Қарағанды обл

Командалық кумитэ (ерлер):

Алтын – Алматы қ.

Күміс – Атырау обл

Қола – Жамбыл обл

Қола – Алматы обл

Кумитэ, әйелдер (+68 кг):

Алтын – Софья Берульцева (Шымкент қ.)

Күміс – Таиссия Өтелбаева (Шымкент қ.)

Қола – Асылай Савидова (Маңғыстау обл)

Қола – Дарья Терешина (Қарағанды обл)

Әйелдер, 50 кг:

Алтын – Мөлдір Жаңбырбай (Қызылорда обл)

Күміс – Әйгерім Тұрсынбекова (Жамбыл обл)

Қола – Әсел Сағидулла (Маңғыстау обл)

Қола – Ақниет Шеризат (Алматы қ.)

Әйелдер, 55 кг:

Алтын – Айшабибі Шарахан (Маңғыстау обл)

Күміс – Гүлмира Үсенова (Түркістан обл)

Қола – Мадина Әлиманова (БҚО)

Қола – Әсемгүл Ердәулет (Қызылорда обл)

Әйелдер, 61 кг:

Алтын – Әсел Қанай (Түркістан обл)

Күміс – Николь Ценгель (Астана қ.)

Қола – Айжан Бәкірова (Шымкент қ.)

Қола – Камила Мейрамбекова (Жамбыл обл)

Әйелдер, 68 кг:

Алтын – Венера Жақсыбаева (Астана қ.)

Күміс – Дайяна Даренская (Алматы қ.)

Қола – Маржан Әшім (Түркістан обл)

Қола – Нұрия Тізімбай (Алматы қ.)

Кумитэ, ерлер (+84 кг):

Алтын – Диас Анарбеков (Жамбыл обл)

Күміс – Әлішер Тайжан (БҚО)

Қола – Санжар Тахтаев (Алматы қ.)

Қола – Нұрнияз Елдашев (Маңғыстау)

Ерлер, 55 кг:

Алтын – Елнұр Төребек (Түркістан обл)

Күміс – Жоламан Биғабыл (БҚО)

Қола – Жанғазы Наптал (Маңғыстау обл)

Қола – Бақытжан Жалғасбай (Маңғыстау обл)

Ерлер, 60 кг:

Алтын - Алпысбай Қайсар (Шымкент қ.)

Күміс - Айбек Шарап (Жамбыл обл)

Қола - Кирилл Москвичев (Алматы обл)

Қола - Дархан Тимралиев (БҚО)

Ерлер, 67 кг:

Алтын – Олжас Алтынбек (Маңғыстау обл)

Күміс – Ерсұлтан Тәңірберген (Алматы қ.)

Қола – Дидар Әмірәлі (Алматы қ.)

Қола – Дамир Ирғали (БҚО)

Ерлер, 75 кг:

Алтын – Айдос Мұхат (Маңғыстау)

Күміс – Әбірмансұр Батырғали (Атырау обл)

Қола – Алихан Ғаниев (Алматы қ.)

Қола – Бекнар Төлеген (Шымкент қ.)

Ерлер, 84 кг:

Алтын – Данияр Юлдашев (Шымкент қ.)

Күміс – Асылхан Ғалым (Қызылорда обл)

Қола – Диас Ұлбек (Алматы қ.)

Қола – Никита Тарнакин (Қарағанды обл)

Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес