25.06.2023 | 19:28

Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлері республикалық Спартакиадада топ жарды

Талдықорған қаласында жергілікті атқарушы органдар арасындағы республикалық Спартакиада аяқталды. Бес күнге созылған жарыста  еліміздің әр өңірінен жиналған мемлекеттік қызметкерлер спорттың 7 түрінен сынға түсті. Шағын футбол бәсекесінде финалда Астана қаласының командасынан басым түскен Қостай облысының құрамасы жеңіске жетті. Волейболда түркістандықтар жеңімпаз атанды. Шешуші ойында олар БҚО командасын ұтты. Киелі өлкенің мемлекеттік қызметкерлеріне үстел теннисінде де тең келер ешкім болмады. Қазақ күресінде Атырау облысының палуандары мықты екенін көрсетсе, тоғызқұмалақта Ақтөбе облысының өкілдері бас жүлдеге ие болды. Бильярдта шымкенттік тастаяқшылардың шеберлігі үстем болса, суда жүзуде Қарағанды облысының спортшылары басымдық танытты.

Ал әр спорт түріндегі ұпайларды есептегенде, командалық есепте Түркістан облысының құрамасы топ жарды. Батыс-Қазақстан облысы екінші, Павлодар облысы үшінші орынды иеленді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес