
19.06.2025 | 19:44
Бөлісу:
U23 АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: ҚАЗАҚСТАН ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ
Бүгін Вьетнамның Вунгтау қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен U23 жас санатындағы Азия чемпионатында қалған салмақтағы жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін ерлер 4 салмақта сынға түсті. Соның ішінде Қазақстан командасына 2 жүлде бұйырды.
Ерасыл Мамырбеков (-55 кг) - алтын.
Мақсат Сайлау (-87 кг) - күміс.
Жалпы командалық есепте 23 жасқа дейінгі грек-рим күресінен Ұлттық құрама Азия чемпионатында 1-орын алды (4 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль).
Сондай-ақ бүгін әйелдер күресінен бірнеше салмақта белдесулер өтті.
Алғашқы күнгі Қазақстан құрамасының нәтижесі:
Виктория Хусаинова (-59 кг) - алтын.
Ангелина Первухина (-55 кг) - қола.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
6 ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ: ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ТӨРТІНШІ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЛАЙ ӨТТІ?


НҰРЛЫХАН ШАРХАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН СӘТТІ БАСТАДЫ