22.11.2023 | 16:20
Бөлісу:
Валерий Рахимжан Әлем Кубогының финалында 7-орын алды
Қатар мемлекетінің астанасы Дохада нысана көздеуден Әлем Кубогының финалы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Халықаралық нысана көздеу федерациясы (ISSF) мұндай финалды араға 4 жыл салып ұйымдастырып отыр.
Пневматикалық тапаншамен 10 метрден нысана көздеуде Ұлттық құрама спортшысы Валерий Рахимжан финалда 137 ұпай жинап, 7-сатыдан көрінді. Қазақ спортшысы қазір әлем рейтингінде 26-орында тұр. Бұл жаттығуда Робин Уолтер (Германия) алтыннан алқа тағып, ұпай қорын молайтып, Олимпиада жолдамасына бір табан жақындай түссе, күміс медаль Паоло Моннаның (Италия), қола жүлде Эмильс Вазерманистің (Латвия) еншісінде кетті.
Айта кетейік, бұл бәсекеде 42 елден келген 179 үздік мерген бақ сынап жатыр. Бұл қатарда тамызда Бакуда әлем чемпионы атанған Чжан Боуэн (Қытай), 3 дүркін Олимпиада чемпионы Кимберли Роуд (АҚШ), Лондон Олимпиадасының жеңімпазы, биылғы әлем және Еуропа ойындарының жеңімпазы Джованни Черногорац (Хорватия), Лондон Олимпиадасының жеңімпазы, 5 дүркін әлем чемпионы Джессика Росси (Италия) және тағы басқалары бар.
Мұнда әр бағдарламда жеңіске жеткен спортшы 5000 еуроға, ал қола жүлдегер 2 000 еуро сыйақыға ие болады. Әлем Кубогының финалын Халықаралық нысана көздеу федерациясының әлеуметтік желілерінен тікелей эфирде көре аласыздар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АЛЕКСАНДРА ЛЕ ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ
КОНСТАНТИН МАЛИНОВСКИЙ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА
ДЕЛИДЕ НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫ БАСТАЛДЫ