31.03.2026 | 17:58

ВЕЛОТРЕКТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНДА 11 МЕДАЛЬ БАР

Бүгін Филиппин мемлекетінің Тагайтай қаласында велотректен Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарыс қорытындысы бойынша ересектер санатында Қазақстан Ұлттық құрамасы 5 медаль иеленді:

Алтын – Кирилл Курдиди - 1000 метр, гит;

Күміс – Әлішер Жұмақан - ұпай бойынша топтық жарыс;

Күміс – Әлішер Жұмақан - 10 шақырым скрэтч;

Күміс – Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов - 50 шақырым мэдисон;

Қола – Рината Сұлтанова - із қуу жарысы.

Жасөспірімдер құрамасы 6 медальға қол жеткізді.

Алтын – Әнел Ташбай, Аружан Қабдулова, Виталина Хоружая, Аружан Смайылқанова, Әлия Бұқаева - командалық жарыс;

Алтын – Әнел Ташбай, Аружан Қабдулова - мэдисон;

Алтын – Әнел Ташбай - 3 шақырым жекелей жарыс;

Күміс – Мұрат Күйітенов - омниум;

Күміс – Аружан Қабдулова - ұпай бойынша топтық жарыс;

Қола – Зейнолла Азаматұлы.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес