
07.05.2025 | 18:55
Бөлісу:
ВЕЛОТРЕКТЕН НАМАНҒАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҚОРЖЫНҒА ЕКІ АЛТЫН ТҮСТІ
Наманған қаласында (Өзбекстан) велотректен Silk Way Namangan халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Командалық із кесу сайысында Қазақстан атынан Дмитрий Носков, Илья Карабутов, Максим Хорошавин, Әлішер Жұмақан сынға түсіп, әлем үздіктерінің алдын орады.
Сондай-ақ отандасымыз Әлішер Жұмақан ұпай жинаудан топтық бәсекеде екінші алтын медальді жеңіп алды. Жалпы 10 мамырға дейін жалғасатын байрақты бәсекеге 10 елден 146 спортшы қатысып жатыр.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ДЕНИС СЕРГИЕНКО АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ



МАКСИМ ХОРОШАВИН АЗИЯ КУБОГЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ