21.04.2026 | 21:16

VI АЗИЯ ЖАҒАЖАЙ ОЙЫНДАРЫ ҚАРСАҢЫНДА БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ЖИЫНЫ ӨТТІ

Қытайдың Санья қаласында VI Азия жағажай ойындарының басталуына бір күн қалды. Бүгін жарыс бағдарламасына енген спорт түрлерінен Ұлттық құрама командалардың бас бапкерлері қатысқан кеңес өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

​Кездесу барысында алдағы жарыстарға қатысты негізгі ұйымдастыру мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Сондай-ақ ойындардың ашылу салтанатына ерекше көңіл бөлінді.

​Айта кетейік, кешенді жарыста спорттың 15 түрінен жүлде сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы оның 9 түрінен бақ сынайды. Барлығы ел намысын 70 спортшы қорғайды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес