
08.04.2025 | 15:09
Бөлісу:
VI ЖАСТАР СПОРТ ОЙЫНДАРЫ: БАСКЕТБОЛДАН 8 КОМАНДА ІРІКТЕЛДІ
Түркістан қаласында баскетболдан қыздар арасында VI жазғы жастар спорт ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін жарыстың плей-офф кезеңіне шыққан 8 команда белгілі болды. Назарыңызға жүлдеге таласатын баскетболшылды ұсынамыз:
А тобы: Атырау облысы, Шымкент қаласы
В тобы: Астана қаласы, Павлодар облысы
С тобы: Түркістан облысы, Жетісу облысы
D тобы: Ақмола облысы, Алматы қаласы
Енді осы өңірдің ойыншылары жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
Ширек финал матчтары:
Атырау облысы – Алматы қаласы
Астана қаласы – Жетісу облысы
Түркістан облысы – Павлодар облысы
Шымкент – Ақмола облысы
Анықтама:
Төрт жылда бір өтетін жастар спорт ойындарына 18 жасқа дейінгі баскетболшылар қатысады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: