13.05.2025 | 12:52
Бөлісу:
VI ЖАЗҒЫ ЖАСТАР СПОРТ ОЙЫНДАРЫ: БАДМИНТОННАН БҚО КОМАНДАСЫ 3 АЛТЫНМЕН ТОП ЖАРДЫ
Орал қаласында бір аптаға созылған бадминтоннан VI жазғы жастар спорт ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Биылғы кешенді жарысқа еліміздің 9 өңірінен 80-нен астам ойыншы қатысты.
Назарыңызға чемпиондарды ұсынамыз:
Аралас жұптық сын (микст): Мұстафа Мәлікжан мен Наргиза Рахметуллаева (БҚО)
Жұптық сын (қыздар): Назерке Рахметуллаев мен Жанерке Сағындық (БҚО)
Жұптық сын (ұлдар): Мақсұт Тажибуллаев пен Ратмир Гильманов (Шымкент қаласы)
Жекелей сын: Диана Наменова (Қостанай облысы)
Жекелей сын: Мақсұт Тажибуллаев (Шымкент қаласы)
Командалық сайыс:
1. Батыс Қазақстан облысы
2. Қостанай облысы
3. Шымкент қаласы
Ал жалпыкомандалық есепте 3 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алған жарыс қожайыны - БҚО жеңіске жетті. Шымкент қаласы 6 жүлдемен (2 алтын, 2 күміс, 2 қола) екінші, Қостанай облысы үздік үштікті түйіндеді. Олардың еншісінде 1 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль бар. Толық нәтижені мына жерден көре аласыздар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: