22.09.2023 | 17:12

Владислав Яковлев Азия ойындарының финалына жолдама алды

Бүгін Владислав Яковлев Азия ойындарында академиялық ескек есуден жекелей сынның А финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Екі мың метр қашықтықты отандасымыз 7 минут 19,27 секундта жүзіп өтіп, мәреге екінші болып келді. Бұған дейін отандастарымыздан ерлер (Ярослав Мельников пен Тимур Фомичев) мен әйелдер (Светлана Германович пен Мария Чернец) жұптары және әйелдер төрттігі (Анжела Полянина, Мелани Жакупова, Мария Чернец, Светлана Германович) финалға жолдама алған болатын.

Енді 24-25 қыркүйек күндері академиялық ескек есу сайысының шешуші бәсекелері өтіп, барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес