02.08.2024 | 13:26

ВЛАДИСЛАВ ЯКОВЛЕВ Е ФИНАЛЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Академиялық ескек есуден Ұлттық құрама спортшысы Владислав Яковлев Париж Олимпиадасында соңғы жарысына қатысты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол Е тобының финалында мәреге бірінші жетті. Уақыт көрсеткіші – 6:59.43 секунд. Осылайша, Владислав Париждегі ойындарды жалпы есепте 25-орынмен аяқтады. Айта кетейік, Яковлев үшін бұл 4-ші Олимпиада.

Лондонда 28-орын

Рио-де-Жанейрода 31-орын

Токиода 19-орын

Сурет: Владислав Семенов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес