29.07.2024 | 13:57

ВЛАДИСЛАВ ЯКОВЛЕВ Е ТОБЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

Академиялық ескек есуден спортшымыз Владислав Яковлев Париж Олимпиадасында E/F1 тобының жартылай финалында мәреге бірінші жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол жарыс жолын 7 минут, 26.20 секундта бағындырды. Енді ол Е тобының финалында жарысады.

Айта кетейік, бұл кезеңге қатысатын ескек есу шеберлері жүлдеге таласпайды. Е және F тобында ширек және жартылай финалға шыға алмаған спортшылар ішінде орын үлестіріледі.

Сурет: Владислав Семенов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес