07.06.2025 | 17:57

ВОЛЕЙБОЛ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ҰЛТТАР ЛИГАСЫН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

Бүгін Вьетнам астанасы Ханойда әйелдер арасында Азия волейбол қауымдастығының Ұлттар лигасы басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ришат Гилязутдинов баптайтын Ұлттар құрама топтағы бірінші ойында Жаңа Зеландияны сенімді жеңді. Есеп: 3-0 (25-15, 25-23, 25-15). 

Айта кетейік, Ұлттар лигасы осыған дейінгі құплықтағы Women's Challenge Cup деп аталып келген турнирдің орнын басады.

Жалпы В тобында Қазақстан, Филиппин, Иран, Индонезия, Моңғолия және Жаңа Зеландиямен түсті. Ал А тобында Challenge Cup-тың 2 дүркін жеңімпазы, жарыс қожайыны Вьетнам және Аустралия, Үндістан, Қытайдың Тайпейі, Гонконг (Қытай) бар. 

Қазақстан командасының матчтар кестесі: 
8 маусым: Қазақстан - Моңғолия 
9 маусым: Қазақстан - Индонезия 
11 маусым: Қазақстан - Иран 
12 маусым: Қазақстан - Филиппин 
13 маусым: жартылай финал 
14 маусым: финал.

Әр топтың көп ұпай жинаған 2 команда жартылай финалға жолдама алады (13 маусым).

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес