
25.01.2025 | 19:08
Бөлісу:
WORLD INDOOR TOUR GOLD: АСТАНАДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҚАЗАҚСТАН СПОРТШЫЛАРЫ 2 МЕДАЛЬ АЛДЫ
Бүгін Астана қаласында екінші рет өткен Astana Indoor meet for Amin Tuyakov prizes халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бәсеке барысында 142 спортшы 13 дисциплинада сынға түсті. Олардың арасында тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы Нора Джеруто, жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеева сынды 44 отандасымыз бар.
Қазақстаннан бөлек, Аустралия, Оман, АҚШ, Ямайка, Жапония, Германия, Тәжікстан, Канада, Чехия, Португалия, Нигерия, Ұлыбритания, Дания, Люксембург, Андорра, Испания, БАӘ, Кения, Аустрия, Өзбекстан, Бразилия, Польша, Мажарстан, Куба, Кувейт, Словакия, Қатар, Финляндия, Пуэрто-рико, Әзербайжан, Хорватия, Гайана, Иран, Барбадос, Эфиопия, Түркия, Румыния, Франция, Бельгия, Швеция, Литвадан да бірқатар танымал спортшы келді.
Жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыздың арасынан ең жоғарғы нәтижені биіктікке секіруден 1.88 метрді бағындырып, қола жүлдеге ие болған Елизавета Матвеева көрсетті.
Ерлер арасындағы жеңімпаздар тізімі:
60 м жүгіру - Кишан Томпсон (Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері) - 6.56 секунд
60 м кедергілермен жүгіру - Дайлан Бирд - 7.58 секунд
400 м жүгіру - Алекс Хайдок-Уилсон (Париж Олимпиадасының 2 мәрте қола жүлдегері)- 46.45 секунд
1 500 м жүгіру - Кристиан Хансен - 3:39.03
Ұзындыққа секіру - Лестер Лескай - 7.91 метр
Биіктікке секіру - Луис Кастро - 2.15 метр
Әйелдер арасындағы жеңімпаздар:
Биіктікке секіру - Нагиса Такахаши - 1.88 метр
Үш қарғып секіру - Нея Филипич - 14.05 метр
60 м жүгіру - Тиа Клейтон (20 жасқа дейінгілер арасында 2 дүркін әлем чемпионы) - 7.18 секунд
60 м кедергілермен жүгіру - Юми Танака - 8.05 секунд
400 м жүгіру - Сада Уильямс (әлем чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері) - 53.51 секунд
Ядро лақтыру - Чейс Джексон (2 дүркін әлем чемпионы) - 19.13 метр
3 000 метрге жүгіру - Марта Алемайо (20 жасқа дейінгілер арасында 2 дүркін әлем чемпионы) - 8:39.80
«Бұл Париж Олимпиадасынан кейінгі ресми алғашқы жарысым. Жарақатыма байланысты көп дайындала алмадым. Дәрігерлердің рұқсат беруінің өзі мен үшін үлкен сый болды. Ешқандай санға мән бермей, сайыс атмосферасын сезінуге келдім. Енді тек сәуір айының соңында басталатын жазғы маусымға сай болуға тырысамын», - деді биіктікке секірудегі жұлдызымыз Надежда Дубовицкая.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

.jpg)
ДЕЙЗИ ДЖЕПКЕМЕЙ ФИНАЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

НОРА ДЖЕРУТО ФИНАЛДА ҮЗДІК ОНДЫҚҚА КІРДІ