06.03.2024 | 10:24

Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина еркін бағдарламада күміс жүлде алды

Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әр түрлі жас санатындағы XI Азия чемпионатында көркем жүзуден Ұлттық құрама еркін бағдарламада күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегерлері – Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина (15-19 жас тобы) 340.1650 балл жинады.

Көркем жүзу. Жұп. Еркін бағдарлама:

Зиёдахон Тошхуджаева/Анна Ващенко (Өзбекстан) – 347.4859

Ясмин Тұяқова/Арина Пушкина (Қазақстан) – 340.1650

Вонг Винг Ка/Ву КуЛок (Гонконг) – 290.4529.

Суреттердің авторы – Тұрлыжан Айтенов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес