22.07.2026 | 22:31

ЯСМИНА ИСЛАМОВА МЕН АЛДИЯР РАМАЗАНОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ

Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан жас ерекшелігі бойынша Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті жүлдесін еншіледі, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Аралас жұптық техникалық бағдарлама бойынша жұптық сында Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов үздік үштіктің қатарына кірді.

1. Чинхи Жин / Зиан Ванг – 214.9208 ұпай (Қытай)

2. Ясмина Исламова / Алдияр Рамазанов – 186.1867 (Қазақстан)

3. Менг Тинг Леонг / Хао Женг Ву - 139.1258 (Малайзия)

Айта кетейік, бүгін әртістік жүзуден Виктор Друзин техникалық соло бағдарламасында топ жарса, жұптық сайыста Мақпал Қалмұрза мен Даяна Джаманчалова 2-орынға тұрақтады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес