08.03.2025 | 20:57

ЙОХАННЕС КЛЕБО – ТАҒЫ ЧЕМПИОН! ВЛАДИМИР КОВАЛЕВ: «ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ БІР ОРЫНДА ТҰРМАЙДЫ»

Бүгін Норвегияның Тронхейм қаласында өтіп жатқан шаңғы жарысынан әлем чемпионатында ерлер 50 шақырым масс-стартта үздіктерді анықтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Мұнда Йоханнес Клебо тағы дес бермей, 6 -сайыста чемпион атанды. Барлығы жарыс жолына 75 спортшы шықты.

Йоханнес Клебо (Норвегия) – 1:57:47

Уильям Поромаа (Швеция) – 1:57:49

Симен Крюгер (Норвегия) – 1:57:55

45. Владислав Ковалев (Қазақстан) – 2:12:15

59. Олжас Климин – 2:23:05

Виталий Пухкало жарыстан шығып қалды.

«Норвегиядағы әлем чемпионатына бұрын соңды болмаған мемлекет қатысып жатыр. 2023 жылы 50 шақырым масс-стартта 22 ел қатысса, биыл бұл көрсеткіш 33-ке жетті. Кейінгі жылдары тек Скандинавия елдері ғана емес, өзге мемлекеттер де бәсекеге араласа бастады. Өз шамамызды көрсеттік. Рейтинг жағынан төмендеп жатқанымыздың бір себебі осы», - деді шаңғыдан ерлер құрамасының аға бапкері Владимир Ковалев.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес