22.09.2023 | 16:17

Юлия Путинцева Гуанчжоудағы турнирдің келесі кезеңіне шыға алмады

Ұлттық құрама теннисшісі Юлия Путинцева Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы бәсекедегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол жартылай финалда әлемнің 27-ракеткасы Магда Линеттен (Польша) жеңіліп қалды. Матч 2-6, 3-6 есебімен мәресіне жетті.

Бұл екі теннисшінің арасындағы 8-ойын. Польшалық жеңіс санын алтауға жеткізді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес