13.06.2023 | 09:52
Бөлісу:
Зарина Нұрғалиева əлем чемпионы атанса, Аланна Берікқызы күміс жүлдегері атанды
Грузияның Батуми қаласында рапид және блиц шахматтан кадеттер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Швейцариялық жүйе бойынша 11 раундтан тұратын бəсекеде 35 елден келген 450-ден астам 8-18 жас аралығындағы ойыншы өзара сынға түсті.
Қазақстан құрамасының өрендері 6 күнге созылған осы турнирде айтарлықтай нəтиже көрсетті. Қоржынға түскені 2 алтын мен 4 күміс жүлде. Əуелі жас ойыншылар рапид түрінен үздіктерді анықтады. Мұнда Аланна Берікқызы (10 жасқа дейін), Айару Алтынбек (U-12) пен Зарина Нұрғалиева (U-14) өз жас санатында 2-орыннан көрінді.
Осыдан соң кезек блиц шахматқа келді. Бұл түрінде Батумиге барған ең жас отандасымыз (8 жаста) Иман Нəбиев күміс медаль жеңіп алды. Ол тек шотландиялық Луис Ченгке есе жіберді. Ал Айару Алтынбек (U-12) пен Зарина Нұрғалиева (U-14) қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды. Жуырда ғана классикалық шахматтан 9 жасқа дейінгі ойыншылар арасында əлем чемпионы атанған Аланна Берікқызы бұл сында үздік бестікті түйіндеді. Осы тұста ұйымдастырушылар жігерлендіру үшін барлық жас санатында жақсы нəтиже көрсеткен əдеттегідей 3 емес, 5 ойыншыға жүлде табыстағанын айта кетейік.
Жылдам шахматтан уақытты бақылау бірінші қадамнан бастап әр қадамға 15 минут + 5 секунд, ал блиц чемпионаттары үшін бірінші қадамнан бастап әр қадамға 5 минут + 3 секунд болды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
FIDE GRAND PRIX SERIES: БИБІСАРА АСАУБАЕВА 4-ОРЫНҒА СЫРҒЫДЫ