11.04.2023 | 20:58

Зәуреш Акашева мен Сарвиноз Миркадирова Әлем чемпионатына жолдама алды

Бүгін Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласында өтетін үстел теннисінен жекелей сындағы әлем чемпионатында өнер көрсететін қазақстандықтар қатары толықты. Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) Зәуреш Акашева мен Сарвиноз Миркадированың жекелей сында бақ сынай алатынын растады. Екі қазақстандық ойыншының да рейтингтегі ұпай саны жеткілікті. Осыған дейін Зәуреш Акашева әйелдер арасында жұптық және аралас жұптық сында жолдама алып үлгерген.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық құрама сапынан Кирилл Герасименко (жекелей және жұптық сында), Алан Құрманғалиев (жұптық сын), Айдос Кенжеғұлов (аралас жұптық сын), Зәуреш Акашева (аралас жұптық сын), Денис Жолудев/Сағынтай Құрмамбаев (жұптық сын), Зәуреш Акашева/Анастасия Лаврова (жұптық сын) жылдың басты бәсекесіне жолдама иеленген.

Әлем чемпионаты ОАР-да 20-28 мамыр аралығында өтеді. Осымен 57-рет ұйымдастырылатын сында 5 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес