28.03.2025 | 20:19

ЗЕЙНЕП БАЯНОВА – 2-ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН ИОРДАНИЯДА ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Әйелдер күресінен 53 кг дейінгі салмақта сынға түсетін отандасымыз Зейнеп Баянова Иордания астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол кіші финалда моңғолиялық спортшы Отгонтуя Чинболдты жықты. Есеп: 10-5.

Бұл екі палуан арасындағы 3-белдесу. Былтыр Аммандағы (U23) сары құрлық бәсекесінің жартылай финалында, сосын Тиранада өткен әлем чемпионатының (U23) қола медаль үшін айқасында Чинболд айласын асырған.

Еске сала кетейік, былтыр дәл осы Амман қаласында өткен Азия чемпионатында (U23) Зейнеп өзбек спортшысын жеңіп, үздік үштікті түйіндеген.

Бұл – әйелдер күресінен Аммандағы осы чемпионатта команда қоржынына түскен алғашқы медаль.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес