19.11.2025 | 20:57

ЗЕЙНЕП БАЯНОВА – ИСЛАМ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Күрес түрлерінен Ар-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам Ынтымақтастығы ойындарында әйелдер бәсекесінен жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

55 келідегі Зейнеп Баянова ширек финалда Ислам ойындарының чемпионы, Еуропа чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері Зейнеп Йетгилмен (Түркия) тартысты белдесу өткізіп, 11:8 есебімен басым түсті. Одан кейін күтпеген жерден Нигерия спортшысына есе жіберді. Ал үшінші орын үшін өткен белдесуде отандасымыз Тәжікстан спортшысы Ватансултон Шахаржоеваны 14:3 есебімен жеңді. 

Зейнеп Баянова 2025 жылы ересектер арасында және U23 санатындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес