26.02.2026 | 21:21

ЗЕЙНЕП БАЯНОВА МЕН ЛАУРА АЛМАҒАНБЕТОВА АЛБАНИЯДАҒЫ РЕЙТИНГТІК ТУРНИРДІҢ ФИНАЛЫНДА

Бүгін Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингтік жарыста Ұлттық құраманың 2 палуаны ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әйелдер арасында -50 кг салмақтағы ел чемпионы Зейнеп Баянова іріктеуде АҚШ, Жапония және жартылай финалда Үндістан спортшысын жеңді. Ертең отандасымыз финалда тағы бір үндістандық Прианши Праджапатпен күш сынасады.

Ал -55 кг салмақтағы Лаура Алмағанбетова алғашқы белдесуде Үндістан, кейін Германия өкілі Анастасия Блейвастан басым түсіп, ақтық сынға өтті. Оның шешуші айқастағы қарсыласы Лилия Маланчук (Украина) болады.

Сонымен қатар ертең кешке еркін күрестен Камиль Куруглиев (-92 кг) пен Ризабек Айтмұхан (-97 кг) қола медаль үшін бақ сынайды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес