
09.03.2025 | 14:36
Бөлісу:
ЗЕЙНОЛЛА ЫДРЫСОВ БАКУДЕ ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңінде тағы бір отандасымыз тұғыр сатысына көтерілді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ересектер арасында қосылғанына көп болмаған Зейнолла Ыдрысов тұтқалы ат снарядында қола жүлдегер атанды. Оның еншісінде 14.400 ұпай бар. Алтын мен күміс медаль АҚШ атлеттерінде.
Әйелдер арасында еркін жаттығуда отандасымыз Арина Лебедева жүлдеге бір табан жетпей 4-сатыға тұрақтады.
Кеше Милад Карими (еркін жаттығуда), Дмитрий Патанин (қос сырықта) күміс жүлдеге ие болған. Әзірбайжандағы әлем кубогы осымен аяқталды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

МИЛАД КАРИМИ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
