
10.05.2025 | 19:28
Бөлісу:
ЗЕЙНОЛЛА ЫДРЫСОВ БОЛГАРИЯДАҒЫ ТУРНИРДЕ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Болгарияның Варна қаласында спорттық гимнастикадан жылдың кезекті Challenge Cup турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін Ұлттық құрама спортшысы Зейнолла Ыдрысов тұтқалы ат снарядындағы жаттығудың финалында 2-орын алды. Отандасымыз 14.233 ұпай жинап, жеңімпаздан сәл қалып кетті. Бас жүлде Вьетнам гимнасты Нгок Хуанның еншісінде (14.266 балл). Үздік үштікті Абдулла Азимов (Өзбекстан) иеленді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: