17.02.2024 | 23:07

Зейнолла Ыдырысов ересектер арасында алғашқы жүлдесін алды

Спорттық гимнастикадан Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан 2024 жылдың алғашқы Әлем Кубогы кезеңінде Қазақстан қоржынына қола жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов қола жүлдеге ие болды. Ол 14.800 ұпай жинап, Ахмад Әбу Әл-соуд (Иордания) және Хур Унтан (Оңтүстік Корея) кейінгі нәтиже көрсетті.

Былтыр, Зейнолла Түркиядағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 3-орынға тұрақтап, тарихи медаль алған.

Каирде Ұлттық құраманың тағы бір өкілі Нариман Құрбанов 14.030 ұпай жинап, 5-сатыға тұрақтады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес