
03.05.2025 | 00:17
Бөлісу:
ЖҮЗУДЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АФИНЫДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ 4 ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
Грекия астанасы Афиныда жүзуден Acropolis Swim Open 2025 халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін жарыстың алғашқы күні Қазақстан қоржынына 4 жүлде түсті. Ұлттық құрама спортшысы Ксения Игнатова әйелдер арасында 200 метрге шалқалай жүзуде мәреге бірінші болып келіп, алтын медаль иеленді. Оның уақыт көрсеткіші – 2:13.92 секунд.
Сондай-ақ тағы басқа отандастарымыз 50 метрге баттерфляй әдісімен сынға түскен Әділбек Мусин мен Айбат Мырзамұратовқа (брасс, 100 метр) күміс жүлде бұйырды. Ал Артур Миронов (брасс, 100 метр) қолаға қол жеткізді.
Аталмыш әлемдік додаға 8 елден 680 атлет қатысып жатыр.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
КСЕНИЯ ИГНАТОВА ЖҮЗУДЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ



СИНГАПУРДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА 2 СПОРТШЫМЫЗ ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ