09.11.2024 | 13:33
Бөлісу:
ЖАҒАЖАЙ ВОЛЕЙБОЛЫНАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІК СЕГІЗДІККЕ КІРДІ
Жағажай волейболынан Филиппин елінің Санта-Роса қаласында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Сапында Сергей Богату мен Дмитрий Яковлев бар Қазақстан-1 құрамасы ширек финалда Аустралия-2 командасымен ойнап, тартысты матчта есе жіберді. Есеп: 1:2.
Осыған дейін 1/8 айналымға шығу үшін Богату/Яковлев индонезиялық волейболшылармен кездесіп, 2-1 жеңген. Осылайша, биылғы жарысты ерлер командасы үздік 8 құраманың қатарында аяқтады.
Ал әйелдер арасында Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко жұбы 1/8 айналымда Таиланд ойыншыларына 1:2 есебімен жол берді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: