26.01.2025 | 17:16

ЖАҒАЖАЙ ВОЛЕЙБОЛЫНАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АУМАҒЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Бүгін Шри-Ланканың Негомбо қаласында жағажай волейболынан орталық Азия аумағының чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко жұбы А тобында барлық матчта қарсыласын 2 сетте жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алған. Сосын, ширек финалда жарыс қожайыны Шри-Ланка командасын, Мальдив ойыншыларынан басым түсті. Ал финалда біздің волейболшылар Ираннан үстем болып, 1-орын алды.

Ерлер арасында Кирилл Гурин мен Абдулмаджид Мұхаммад болса қола жүлдегер атанды. Олар плей-офф сатысында тағы біз Қазақстан командасы - Сергей Богату мен Дмитрий Яковлевтен жеңісті жұлып алды.

Фото: Азия волейбол қауымдастығы.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес