28.03.2025 | 16:35

ЖӘМИЛӘ БАҚБЕРГЕНОВА 4-РЕТ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

Жәмилә Бақбергенова (72 кг) Иордания астанасында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатының жартылай финалында әлем чемпионы, тәжірибелі жапон палуаны Масако Фуруишиді жықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейін, екеуі 2021 жылғы Ослодағы әлем чемпионатының финалында күресіп, ол кезде Масако ұтқан. Финалдар бүгін кешке Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Жәмиләнің қарсыласы- Қытай палуаны.

Біздің палуан осыған дейін 3 рет сары құрлық бәсекесінде алтыннан алқа таққан (2020, 2022, 2023 ж). Тағы бір күмісі мен қоласы бар.

Елімізде Азия чемпионатын Qazsport пен Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес