28.02.2026 | 23:49

ЖӘМИЛӘ БАҚБЕРГЕНОВА АЛБАНИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ АЛТЫННАН АЛҚА ТАҚТЫ

Албания астанасы Тиранада Мұхамет Малоны еске алуға арналған күрес түрлерінен өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақ балуаны Жәмилә Бақбергенова (-72 кг) бірінші орын алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жартылай финалда тәжірибелі спортшы үндістандық Дикша Маликті 10:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алды. Ал шешуші белдесуде қырғызстандық Нұрзат Нұртаевамен кездесіп, қарсыласын бірінші кезеңнің алғашқы жартысында 14:3 есебімен мерзімінен бұрын ұтты.

Осылайша, бұл жеңістің нәтижесінде Қазақстан әйелдер құрамасының қоржынына турнирдегі үшінші алтын медаль түсті.

Айта кетейік, Жәмилә Бақбергенова – әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, 2022 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері және Азияның төрт дүркін чемпионы.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес