16.09.2022 | invalid

Жәмилә Бақбергенова - әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Жәмилә Бақбергенова Белградта өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында 72 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Қазақстандық балуан финалда америкалық Амит Элорға есе жіберді. Есеп: 0:10

Осы салмақтағы көшбасшы ретінде Бақбергенова бәсекені бірден ширек финалдан бастады. Өзбекстандық Светлана Окназарованы, сосын румын Александра Николетаны мерзімінен бұрын ұтып, 2-жыл қатарынан финалға шықты.

Жәмилә – әйелдерден ӘЧ-ның финалына шыққан 4-қазақстандық балуан

Осыған дейін әйелдер күресінде әлем чемпионатының финалына отандастарымыздан Елена Шалыгина (2 рет), Жұлдыз Ешімова, Гюзель Манюрова мен Жәмиләнің өзі шығып, қарсыласқа жол берген.

Бұдан бөлек, 26 жастағы Жәмилә Бақбергенова осыған дейін 2 рет Азия чемпионы атанған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес