27.04.2025 | 09:41

ЖАРАЙСЫҢ! ЕРМАХАН ӘНУАРБЕКОВ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІН ЖЕҢДІ

Таиландта астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Ұлттық құраманың тағы 3 спортшысы қарсыласынан басым түсіп, жарыс жолында қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ермахан Әнуарбеков (-90 кг) Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Эрлан Шеровты жығып, фавориттің бірін орта жолда қалдырды.

Ал Ақерке Рамазанова (+78 кг) Тайпей спортшысы Лин Фан Чангтан, осы салмақтағы Назгүл Маратова жарыс қожайынынан басым түсті.

Өкінішке қарай Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) 3-айналымда қырғыз палуаны Эмирахан Жолдошказиевке есе жіберді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес