15.05.2022 | invalid

Жайна Шекербекова мен Дина Жоламан ширек финалда

Бүгін Түркиядағы әлем чемпионатында тағы екі қазақстандық боксшымыз өнер көрсетіп, келесі кезеңге өтті.

Әуелі Жайна Шекербекова (52 кг дейін) жапониялық Киношита Ринканы ұтып, ширек финал жолдамасын қанжығасына байлады. Тартысты өткен жекпе-жектің есебі 3:2. Жайна осыған дейін екі Әлем чемпионатында (2016, 2018 ж) жүлде жеңіп алған.

Осыдан кейін шары алаңға шыққан 2016 жылғы әлем чемпионы Дина Жоламан канадалық Скарлетт Дельгадоны ұтты.

Айта кетейік, осыған дейін ел құрамасы сапынан ширек финалға Карина Ибрагимова (57 кг), Алуа Балқыбекова (48 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) мен Валентина Хальзова (70 кг) жолдама алған. Назарларыңызға бүгінгі 2 жекпе-жектен суреттер ұсынамыз:

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес