23.12.2024 | 13:07
Бөлісу:
ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАЛАРДЫҢ БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАУ БАСТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде комитет төрағасы Руслан Есеналиннің басшылығымен жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалардың бас жаттықтырушыларының жыл сайынғы есептерін тыңдау басталды.
Іс-шараға аккредиттелген спорт федерациялары мен жетекші спорт ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ барлық жас санаттары бойынша аға жаттықтырушылар қатысты.
Бас жаттықтырушылар 2024 жылды қорытындылап, 2025 жылға дайындаған жоспарларымен бөлісті.
-Спорттық дайындықтың қазіргі жағдайын талдау;
-Жұмыстың басым бағыттарын анықтау;
-Жаттығу процесінің тиімділігін арттыру және спортшылар үшін жағдайды жақсарту бойынша шаралар әзірлеу – сияқты мәселелерге ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Комитет федерациялармен бірлесіп ұлттық құрамалардың деңгейін арттыруға және қазақстандық спортшылардың халықаралық аренада табысты өнер көрсетуіне бағытталған шаралар кешенін дайындалады. Олимпиадалық спорт түрлерін қолдау және жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс әлі де жалғасады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚАЗАҚСТАН САМБОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН ҮЗДІК КӨРСЕТКІШПЕН АЯҚТАДЫ