23.07.2022 | invalid

Жеңіл атлетика: Галина Якушева Юджинде Қазақстан рекордын жаңартты

Бүгін АҚШ-тың Юджин қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер арасында 35 шақырымға спорттық жүрістен жеңімпаз бен жүлдегерлер белгілі болды. Қазақстандық Галина Якушева 2:54:50 нәтиже көрсетіп, 17-сатыға жайғасты. Бұл Қазақстан рекорды екенін айта кетейік. Бұл қашықтықта бақ сынайтын тағы бір отандасымыз Полина Репина жарыстан шеттетілуіне байланысты жарысты аяқтай алған жоқ.

Перулік Кимберли Гарсия Леон 20 шақырымнан кейін осы 35 километрде де чемпион атанды. Польяк Катажина Здзебло күміс, ал 20 шақырымға спорттық жүрістен Лондон Олимпиадасының жеңімпазы қытайлық Цеян Шэньцзе қоланы қанағат тұтты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес