31.05.2025 | 22:52

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА: ҚАЗАҚСТАН ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ 4-ОРЫН АЛДЫ

Жеңіл атлетикадан Гумиде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Азия чемпионаты ресми түрде мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Биыл 39 елден сынға түскен спортшылар 27-31 мамыр аралығында 45 жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Жалпы жүлде кестесі:

Қытай – 19 алтын,9 күміс,4 қола

Үндістан – 8 алтын,10 күміс,6 қола

Жапония – 5 алтын, 11 күміс, 12 қола

4-орын Қазақстан – 3 алтын, 1 күміс, 2 қола

4-орын Қатар – 3 алтын, 1 күміс,.2 қола

Қазақстан атынан 32 спортшы жүлдеге таласты.

Алтын - 10 000 метр. Дейзи Джепкемей – 30:48.44

Алтын - 3 000 метрге кедергімен жүгіру. Нора Джеруто - 9:10.46

Азия чемпионатының рекордын жаңартты (бұған дейінгі рекордты 2015 жылы Үндістан спортшысы Лалита Бабар орнатқан болатын (9:34.13)

Алтын - 5 000 метр. Нора Джеруто - 14:58.71

Азия чемпионатының рекордын жаңартты (бұған дейінгі рекордты 2013 жылы БАӘ спортшысы Беилзем Десалегн орнатқан (15:12.84)

Күміс - биіктікке секіру. Елизавета Матвеева - 1.86 метр

Қола - 3 000 метрге кедергімен жүгіру. Дейзи Джепкемей - 9:27.51

Қола - 20 шақырым спорттық жүріс. Ясмина Тоқсанбаева - 1:32:22

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан 1 алтын, 2 күміс, 1 қоламен жалпы есепте 8-орынға тұрақтаған.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес