17.02.2024 | 23:44

Жеңіл атлеттер Азия чемпионатында 3 медаль иеленді

Бүгін Иран астанасы Тегеран қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешендегі XI Азия чемпионаты жалауын көтерді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына 3 жүлде түсті. 60 метрге кедергілермен жүгіруде Давид Ефремов 7,60 секунд уақыт көрсеткішімен чемпион атанды. Осылайша, Давид былтыр Астанда өткен сары құрлық чемпионатындағы атағын қорғап қалды.

Ядро лақтыру сайысында Иван Иванов 19,08  метр нәтижесімен күміс медаль иеленді. Ал 1500 метрге жүгіруде Аяна Болатбекқызы 4:37.20 уақытпен үздік үштікті түйіндеді. 

Биылғы құрлық додасына еліміздің атынан 29 атлет қатысып жатыр. Жарыс 19 ақпанға дейін жалғасады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес