25.04.2025 | 22:19

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ФИНАЛ САНЫ ЖАҒЫНАН АЛДА ТҰР

Бүгін Қызылорда қаласында бокстан VI жазғы жастар спорт ойындарында жартылай финал жекпе-жектері аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Назарыңызға қыздар арасында финалға шыққан былғары қолғап шеберлерін ұсынамыз:

48 кг:

Диана Серікпаева (Ақмола облысы) – Айжан Мұрат (Қарағанды облысы)

50 кг:

Сила Биболсынқызы (Жетісу облысы) – Айым Танкибаева (Түркістан облысы)

52 кг:

Жадыра Қалтай (Шымкент) – Жанерке Абдрахманова (Жамбыл облысы)

54 кг:

Жәмилә Болатбекқызы (Жетісу облысы) – Гауһар Зерден (Атырау облысы)

57 кг:

Ақнұр Тұрсынғали (Абай облысы) – Айғаным Қыдырхан (Жамбыл облысы)

60 кг:

Эвника Садуақасова (Павлодар) – Жайнагүл Сабыржан (Ақмола облысы)

63 кг:

Алина Құдайгенова (Қарағанды) – Аружан Бахтияр (Шымкент)

66 кг:

Ақбота Есімбек (Астана) – Арайлым Әлімберген (Алматы облысы)

70 кг:

Перизат Манарбекова (Алматы қаласы) – Мария Сидоренко (Жетісу облысы)

75 кг:

Альбина Мұрат (Алматы облысы) – Зарина Толыбай (Қызылорда облысы)

81 кг:

Құралай Егінбайқызы (Жетісу облысы) – Ділназ Қараболатова (Қызылорда облысы)

+81 кг:

Дария Самат (Астана) – Панар Сейтханқызы (Алматы қаласы)

Айта кетейік, ақтық айқастар ертең өтеді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес