21.11.2025 | 16:44

ЖІГЕР АЛМАТАЙ ИСЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Қазақ джиу-джитсу шебері Жігер Алматай Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

Отандасымыз 77 кг дейінгі салмақта жарыс жолын 1/8 кезеңнен бастап, Наит-Каси Амирге (Алжир) еш мүмкіндік бермеді. Ал ширек финалда Марван Даферді (Тунис) 27:0 есебімен ұтты. Жартылай финалда Амро Әл-Саммарайдан да (Ирактан) айласын асырды.

Шешуші жекпе-жекте отандасымыз Махди Алавлакиден (БАӘ) мықты болды. Есеп: 6:4. Дәл қазіргі сәтте ел қоржынында 15 алтын медаль бар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес